


Балаларды ерлік – жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан, Жылқы, Теңге, Қамшы.
Нұсқаушы: Құрметті тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер! Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық.
Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.
Тәрбиеші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Тәрбиешілер: «Ұлттық ойындар ойнаймыз» — атты жарысымызды бастаймыз.
Бүгінгі ойындарға балабақша бүлдіршіндері қатысқалы тұр.
Нұсқаушы: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, ұлттық ойындарымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық…
Сайыс шарттары:
1. Күрес
2. Арқан тартыс
3. Теңге алу
4. Қол күрес
5.Көкпар
Ойын: Ұлттық ойын «Күрес»
Ойын шарты: Жерге матрас төселеді екі ұл баладан ортаға шығады,күреседі.
Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»
Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.
Ойын: Ұлттық ойын « Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.
Ойын: «Көкпар»
Ойын шарты: Балалар ат үстіне отырып екі топқа бөлінеді,екі жақта екі қазандық тұрады,ортаға қой лақтырылады,балалар тартысып қазандыққа салады,қай қазандыққа салынады сол командаға ұпай жазылады.
Нұсқаушы: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан — жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойындар ұйымдастырамыз» атты спорттық кешімізді қорытындылап, балаларды марапаттаймыз. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.
Добавить комментарий